Алматыда қаңғыбас мысық ауруханаға босануға барды

Сурет: Алматы әкімдігі
22 мамыр күні Алматыдағы ауруханалардың біріне жүкті мысық босануға барған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аурухананың бір бөлмесі мысыққа арналған перзентханаға айналды, деп хабарлайды КТК. Акушер қызметін невропатолог және кардиолог дәрігерлер атқарды. Осылайша медицина мекемесінде бес марғау дүниеге келді.

Дәрігерлердің бірі босанған мысықты 5 марғауымен бірге үйіне алып кетті. Ол жануарларды қорғау қызметі балаларды бекітуге көмектеседі деп үміттенеді. Олай болмаса, тілек білдіргендерге таратады. Жаңа туған марғаулардың жынысы әлі белгісіз.

"Мысықтардың жағдайы жақсы. Барлығы көңілді сияқты", - дейді кардиолог Саид Сайдувалиев.

Осыған ұқсас жағдай Түркияда да болды. Былтыр медпунктке босануға үйсіз жүкті мысық барған. Ол кезде тек бір марғау дүниеге келген.

Бұған дейін Қазақстанда жануарларды қорғауға арналған "шұғыл желі" іске қосылған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды