Шымкентте табаққа 100 мың теңге мен көлігінің кілтін тастаған жігіт: Қазір мопедпен жүрмін

ТікТок-та 100 мың теңгені санап салып, көлігінің кілтін де табаққа тастаған жігіттің видеосы жарияланды. Тойдағы осы оқиғаның мән-жайы белгілі болды, расында 21 жастағы шымкенттік шаңырақ құрған досына көлігін тарту еткен болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, Шымкент қаласының тұрғыны Бақдәулет Жарылқасынның бұл әрекетіне уәде мен бәс ықпал еткен болып шықты. 

Ол өзінің бала күнінен бірге өскен Бекзат есімді досы үйленіп, келіннің беташар рәсімі кезінде түсірілген видео екенін растады. Жас жігіт бұған дейін өз парақшасында бейнежазба жариялап, егер оған NNN лақап атымен белгілі блогер пікір қалдырса, беташарда табаққа "200 АҚШ доллары мен өз көлігінің кілтін саламын" деп сөз берген екен. Кейіннен мұны көрген блогер аталған видео астына пікір қалдырып, сөз берген соң оны орындау керектігін ескертіпті.

Шымкент тұрғыны беташар табағына кілтін салған "Опель Вектра" маркалы көлігін  өзі бір жылдай мініп жүрген екен.

"Сөз берген соң жігітше сол уәдеде тұру керек қой. Мен досыма берген уәдемде тұрдым. Шынымды айтсам, көлікке деген ешқандай қимастық болған жоқ. Бөтенге емес, өзімнің бала күнімнен бірге өскен досыма берілді. Еш өкінбеймін. Өзім қарапайым ғана сатушымын. Маңдай теріммен жиған-тергенім. Ешқандай бай-бағланның баласы емеспін. Егер байдың баласы болсам, табаққа 100 мың емес, одан да көп салар едім. Қазір өзімнің жеңіл көлігім жоқ. Мопедпен жүрмін". Шымкент қаласының тұрғыны Бақдәулет Жарылқасын


Шымкент
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: