240 млн теңгелік несие алаяқтығына қатысқан ұйымдасқан топ мүшелеріне үкім шығарылды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бұл туралы бүгін, 26 қаңтар 2026 жылы, елордалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді:
Топтың ұйымдастырушысы 9 жылға бас бостандығынан айырылса, қалған қатысушылар 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Алаяқтар азаматтарға қолданыстағы тұтынушылық несиелерді "есептен шығару" қызметін ұсынған. Оның орнына жәбірленушілерге жаңа кредиттік шарттар, соның ішінде автонесиелер рәсімдеуді ұсынып, ай сайынғы төлемдерді өздері төлейміз деп уәде берген.
Бұл схеманың құрбандары әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар — табысы төмен тұлғалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар болған. Қаржылық жағдайы қиын болғандықтан, жәбірленушілер қарыз жүктемесін жеңілдетуге үміттеніп, қаскөйлердің шарттарына келісуге мәжбүр болған. Астана қаласының прокуратурасы
Алайда берілген уәделер орындалмай, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 240 млн теңгеден асты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды кредиттерді жедел рәсімдеу туралы ұсыныстарға сақтықпен қарауға және үшінші тұлғаларға жеке әрі қаржылық деректерін бермеуге шақырады.
Күмәнді жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына дереу жүгіну қажет. Астана қаласының прокуратурасы