Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 5 миллиард теңге залал келтіргені үшін бас бостандығынан айырылды

ҚР ҚМА, жалған шот-фактура, ҰҚТ, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 10:19 Сурет: Zakon.kz
Алматы соты қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған және жалған шот-фактуралар шығару арқылы жеке фирмаларға салық төлеуден жалтаруға көмектескен ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті ақша қаражатын "қолма-қол ақша түрінде шығарып берумен" және жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан ҰҚТ-ның бес мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

"Анықталғандай, ҰҚТ мүшелері мекемелерге екінші деңгейлі банк шоттарынан жүйелі түрде қаражаттарды заңсыз "қолма-қол ақша түрінде шығарып берген". Бақылауындағы 17 коммерциялық компания арқылы 5 млрд теңгеден астам сомаға коммерциялық ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстары, көлік қызметтері және халық тұтынатын тауарларды жөнелту бойынша қызмет көрсетуге жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы салық төлеуден жалтаруға көмектескен".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Қылмыстық топ ұйымдастырушылары "бір күндік фирмаларды" жақын туыстары мен таныстарының атына тіркеген.

"Сот үкімімен бес айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Қаржылық мониторинг егенттігі  өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауды сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: