Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері кәсіпкерлерге 6,8 млрд теңге салықты жасыруға көмектескен
Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында жосықсыз кәсіпкерлерге ақшалай сыйақы үшін салықтан жалтаруға көмектескен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржылық мониторинг агнеттігінің 8 тамызда мәлімдеуінше, Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жосықсыз кәсіпкерлерге материалдық сыйақы үшін 6,8 млрд теңге салық төлеуден жалтаруға көмектескен.
"Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен оның 9 мүшесі 26 еншілес компанияны тіркеп, олардың атынан 4 жыл ішінде 18 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазып бергені дәлелденді. Бұл қылмыстық топтың қызметін 225 кәсіпорын пайдаланған, оның ішінде энергия тасымалдаушы компания өз шығындарын асыра көрсетіп, электр энергиясының тарифін заңсыз көтерген", – делінген хабарламада.
Ведомсвтоның мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топты жою нәтижесінде бақылаудағы компанияларды тіркеу заңсыз деп танылды, сатып алушыларға 560 млн теңгеден астам сомаға салық төлеу туралы хабарламалар берілді, электр энергиясын тұтынушылар үшін 580 млн теңгеден астам сома тариф қайтарылды.
"Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде, қалған мүшелері үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Айта кету керек, салық төлеушілер үшін салық төлеу міндетті болып табылады, ал заңнамада салық төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript