Алматы қаласының бірнеше шағын аудандары 1 күнге суық судан ажыратылады

Алматының бірқатар шағын аудандарында сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты, суық су жергілікті түрде ажыратылатын болады.

30 мамыр күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін "Орбита-1, 2, 3, 4", "Таугүл - 1, 2", "Мамыр-1, 4, 5, 6, 7", "Алмас", "Атамекен", "Қуаныш", "Достық" шағын аудандары мен М.Кәрім, Цветочная, Ықылас, Тойбастар, Тайбұрыл, Пролетарская көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша шектеледі.

"Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз." "Алматы су" МКК

Анықтама телефоны: 274-66-66.

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: