Ақсу ферроқорытпа зауытында дауылдан түтін мұржасының бір бөлігі құлады
Сурет: pixabay
2026 жылғы 10 наурызда Ақсу ферроқорытпа зауыты аумағындағы №1 балқыту цехында екпінді желдің (дауылдың) салдарынан №15 пештің түтін мұржасының бір бөлігі құлады, деп хабарлайды Zakon.kz
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
"Оқиға жергілікті сипатта болды және өндіріс процесіне әсер еткен жоқ. Аталған нысанға техникалық тексеріс белгіленген мерзімде – 2023 жылы жүргізілген", – делінген хабарламада.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты кәсіпорында жедел штаб құрылып, жауапты қызметтердің кезекшілігі ұйымдастырылды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 11 наурызда боран мен екпіні күшті жел соғатынын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript