"Сипап көресің бе?" Маңғыстау облысының прокуратурасы балаларға эксперимент жасап көрді

Сурет: pixabay
Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлері мектеп оқушылары арасында әлеуметтік эксперимент жүргізді. Бейтаныс ер адам көшедегі балаларға жақындап, оларды өзімен бірге алып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Эксперимент видеоға түсіріліп, ведомствоның Instagram-дағы парақшасында жарияланған.

Бейтаныс ер адам итпен серуендеп жүріп, балаларға жақындайды. Сосын оларға "итті ұстап, сипап көр" дейді. Мектеп оқушылары бұған қуана келіскен. Осылайша, ер адам әр жолы балаларды өзімен ертіп әкетіп отырған.



Прокуратура эксперимент кезінде балалардың көпшілігінің бейтаныс адамға сеніп, оның соңынан ергеніне назар аудартты.

Кейін ер адам балаларға эксперимент жүргізіліп жатқанын айтып, оларға бейтаныс адамдармен кетуге болмайтынын түсіндірді.

Биыл кәмелетке толмағандарға қатысты 29 қылмыс тіркелген, оның 15-і - жыныстық зорлық-злмбылық фактісі. 

"Құрметті ата-аналар, балаларыңызға бейтаныс адамдарға сақтықпен қарауды және абай болу туралы үнемі түсіндіруді ұмытпаңыз", - деп жазды ведомство.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!