Бүгін Алматыда, Астанада және тағы 3 қалада ауа лас болады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер бүгін, 28 мамырда бес қаланың ауасында зиянды заттар жоғары мөлшерде болатынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда, жексенбіде еліміздің бес қаласында ауа тым лас болады.

Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Алматы және Астана қалаларының тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіп тұр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Бұл аз уақытқа созылатын, бірақ атмосфералық ауаның сапасына және халықтың денсаулығына айтарлықтай теріс әсер етеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді