Түркістан облысындағы мектеп түлектері жалғызбасты анаға үй салып берді

Сурет: otyrar.kz
Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылында тұратын 1985-1986 жылғы туған түлектер мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай 4 баласы бар жалғызбасты анаға үй салып берді, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Төрткүлдіктердің айтуынша, үйдің құрылысы екі ай көлемінде жүргізілген.

Баспананың құрылысы наурыз айында басталып, қазір жалғызбасты ана балаларымен үйге кірді. Бұл түлектердің сыйға тартқан екінші үйі екен.

Олар осы уақытқа дейін ауыл болып қаржы жинап, бір отбасыға үй сатып алып берген.

Ордабасы ауданында 10 ауыл округі, 57 елдімекен бар. Аудан халқының саны – 128 049 адам.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды