Алматының хайуанттар бағында ақ аю пайда болды

Сурет: Instagram/almatyzoo
Алматыдағы зообақта ақ аю пайда болды. Пурга есімді ақ аю 6 жаста. Ол Мәскеу хайуанаттар бағынан жеткізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бұл ерекше жануарды өзімізге алу үшін алдымен үлкен дайындық жұмыстары атқарылды. Арнайы қоршау жасалып, бассейн салынды.Еуро-Азиялық Аймақтық зообақтар мен аквариумдар ассоциациясының (ЕАРАЗА) келісімін алып, содан кейін ғана аю зообағымызға орналастырылды", деп хабарлайды хайуанаттар бағының баспасөз қызметі.

"Бізге келгеннен кейін ақ аю карантинде болды. Бұл талап зообақтарға әкелінетін, басқа жаққа берілетін барлық жануарларға қатысты. Енді, карантин аяқталып, біздің келушілеріміз зообағымыздың жаңа тұрғыны – Пурганы көре алады. Оның орналасқан вольері кең, ауласында екі бассейні бар. Үйшігінің ішінде ауаны салқындатып тұратын арнайы желдеткіш орнатылған және суық еден жасалған". Хайуанаттар бағының баспасөз қызметі

Ол сиыр, тауық етімен, түрлі балықтармен, алма, алмұрт, салат жапырағы, балмен қоректенеді. Пурга жыртқыш болса да, айналасымен тез тіл табыса алатын, мінез-құлқы жайлы жануар. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс