Тоқаевтың Түркияға жұмыс сапары қалай өтті

Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барды. Ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Анкарадағы "Кулие" сарайында өткен Түркия Республикасының президентін ұлықтау рәсіміне қатысты.

Тоқаев ұлықтау рәсімінде Ердоғанды Түркия президенті болып сайлануымен құттықтады.

Ал Түркия президенті сөйлеген сөзінде ұлықтау рәсіміне арнайы келіп қатысқаны үшін Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді.

"Түркі елдерінен Қазақстан Президентіне ұлықтау рәсіміне қатысқаны үшін ризашылығымды білдіремін".Режеп Тайып Ердоған

Мемлекет басшысымен қатар салтанатты шараға, 40-тан астам мемлекеттің басшыларын, үкіметтер мен парламенттердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерін қоса алғанда, 90-нан астам делегация өкілі қатысты.

Қазақстан
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды