Елімізде 46 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжанды

Сурет: pexels
Қазақстандық синоптиктер 2023 жылғы 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, еліміздің солтүстігінде ыстықтың беті қайтса, ал кейбір өңірде керісінше қатты ыстық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, күндіз өте қатты ыстық 6-7 маусымда солтүстікте, 6 маусымда орталықта болжанып отыр. Күн республиканың шығысында +41°С-қа дейін, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С-қа дейін, елдің оңтүстігінде +46°С дейін ысиды.

"8 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райы +22+30°С-қа дейін төмендейді", – делінген хабарламада.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.

"6 маусымда батыста, 7-8 маусымда солтүстік-батыста, 8 маусымда республиканың солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады деп болжанды. Тек республиканың оңтүстігінде күн ыстық болады"."Қазгидромет" РМК

Болжам бойынша, айдың басында еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды