Тоқаев Qarmet-тің бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады
Сурет: akorda.kz
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, елдің өндірістік және индустриялық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мына азаматтар марапатталды:
"Құрмет" орденімен
Измер Александр Сергеевич — "Karaganda Komir" ЖШС "Тентек" шахтасының бригадирі, Қарағанды облысы; Ыдырысов Зейнолла Сұлтанұлы — "Qarmet" АҚ цех шөмішшісі, Қарағанды облысы.
III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен
Абюров Жамбыл Мелісұлы — "Өркен" ЖШС "Өркен-Атасу" өкілдігі "Батыс Қаражал" шахтасының үңгілеушісі, Ұлытау облысы; Баулекова Гуля Кәлкенқызы — "Karaganda Komir" ЖШС "Қазақстан" шахтасының электр слесары, Қарағанды облысы;
Жанаев Марат Бөкенұлы — "Karaganda Komir" ЖШС И. А. Костенко атындағы шахтасының электр слесары, Қарағанды облысы; Иванов Игорь Владимирович — "Qarmet" АҚ инженері, Қарағанды облысы;
Қынаев Бекболат Қынайұлы — "Qarmet" АҚ ауысым бастығы, Қарағанды облысы; Хан Валерий Васильевич — "Karaganda Komir" ЖШС В. И. Ленин атындағы шахтасының директоры, Қарағанды облысы.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен
Алшымбеков Сансызбай Қожагелдіұлы — "Өркен" ЖШС "Өркен-Атансор" өкілдігі ұсақтау-байыту фабрикасының шебері, Ақмола облысы;
Ахметов Арман Ерсайынұлы — "Qarmet" АҚ жетекші инженері, Қарағанды облысы;
Байжанов Рафхат Мамыртайұлы — "Karaganda Komir" ЖШС "Шахтинск" шахтасының кеншісі, Қарағанды облысы;
Захаров Дмитрий Витальевич — "Qarmet" АҚ жетекші инженері, Қарағанды облысы;
Иванов Константин Владимирович — "Qarmet" АҚ цех бастығының орынбасары, Қарағанды облысы;
Колесов Сергей Александрович — "Qarmet" АҚ қызмет бастығы, Қарағанды облысы;
Фомина Татьяна Николаевна — "Өркен" ЖШС Лисаков филиалының кран машинисі, Қостанай облысы.
Салтанатты іс-шарадан соң Президент кәсіпорын жұмысшыларымен емен-жарқын әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа құю-илемдеу кешенінің құрылысы басталуына орай орнатылған ескерткіш тақтаға қол қойды.