6 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19 градус, күндіз 36-38 градус ыстық.
7 маусым – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22 градус , күндіз 36-38 градус ыстық болады.
8 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус, күндіз 30-32 градус ыстық.
Қазақстандық синоптиктер 2023 жылғы 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, еліміздің солтүстігінде ыстықтың беті қайтса, ал кейбір өңірде керісінше қатты ыстық болады.