Алматы облысы имамдарының аттестациясы басталды

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Үшқоңыр" медресе-колледжінде Алматы облысы дін қызметкерлерінің республикалық кезекті аттестациясы басталды.

Шараны жоғары деңгейде өткізу үшін құрылған аттестаттау комиссиясының құрамында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі сияқты дін мамандар бар.

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аттестацияның алғашқы кезеңі тестілеу жүйесі бойынша өтіп жатыр. Сынақ барысында дін қызметкерлеріне ақида, фиқһ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) тақырыптары бойынша сұрақтар топтастырылған билеттер ұсынылуда.

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Екінші кезеңде имамдар мен ұстаздар ауызша сұрақ-жауап бойынша сынақ тапсыруда. Бұл кезеңде дін қызметкерлері қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ бекіткен коцептуалды құжаттар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салуда.

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

5 күнге созылатын республикалық аттестацияға Қонаев қаласы, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандарында жұмыс істейтін 400 ден астам дін қызметкері қатысады деп күтілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды