Биыл бұл жұмыстарға 170 млн теңге қаржы қарастырылып отыр. Жаңа талаптарға сәйкес, қаңғыбас иттерді ұстап, стирильдеп, чип тағып, қайтадан жіберу жұмыстары жүріп жатыр.
Тек Талдықорған қаласында бір күнде тұрғындардан 20-ға жуық шақырту түсіп, арнайы топ бос жүрген иттерді аулайды, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал апта сайын ветеринарлар, табиғат қорғау полициясы мен қоғамдық ұйым өкілдері бірлескен рейд жүргізіп отырады.
Бұралқы иттерді ұстап қана қоймай, көшеде бос жүрген жануар иелеріне ескерту жасап, айыппұл да салады. Сондай-ақ үйде ит ұстау тәртібін айтып, жануарлар дүниесін қорғау туралы заңнамалардағы өзгерістерді түсіндіреді.
"Панфилов ауданында бір адамды ит қауып, өлім жағдайымен аяқталды. Басқа жерлерде қазір балалар жаздық демалысқа шығып жатыр. Бұрын кішкене мектеппен уақыттары болатын. Қазір бұл нәрсе одан да өршілене түсеме деген ойда тұрмыз. Сондықтан иттің мәселесі өте қатты ойландыратын мәселе боп тұр. Осының алдын алу мақсатымен жұмыс істеп жатырмыз." Дархан Әбибаев, Жетісу облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы