Жетісу облысында жеңіл автокөлік жүк көлігінің астына кіріп кетті

Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында МАN жүк көлігі мен Volkswagen Passat жеңіл автокөлігі соқтығысып, жол апатынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz. polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін таңертең Алматы - Өскемен тас жолының 466-шақырымында жол апаты болды. Болжам бойынша, 42 жастағы көлік жүргізушісі зорығып, рульде ұйықтап кетуінің салдарынан, қарама-қарсы жол жиегінде тұрған жүк көлігінің астына кіріп кеткен.

Сурет: polisia.kz

Ауруханаға бес адам жеткізілді, олардың екеуі ауыр жарақат алды.

Медициналық тексеруден кейін үш жолаушы амбулаториялық емделуге жіберілді. Екі көлік арнайы автотұраққа қойылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді