Атырауда ер адам 5-қабаттан секірмек болды

Сурет: видео скрині
Атыраулық полицейлер 5-қабаттан секіргелі тұрған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

9 маусым күні сағат 17:00 шамасында 102 арнасына Авангард мөлтек ауданында орналасқан үйдің 5 қабатынан белгісіз ер азаматтың секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама түскен.

Оқиға орнына Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторы дереу жетіп, көпқабатты үйдің 1-подъезді арқылы 4 қабатқа көтеріліп, аталған азаматтың пәтерінің терезесінен кіріп, ер адамды құтқарып қалған.

Полицейлер құтқарылған ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, сөзбен басу айтып тыныштандырған. 1959 ж.т. ер адам отбасылық жанжал әсерінен осындай іс-әрекетке барғаны анықталып, қазіргі таңда алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты