Абай облысының әкімдігі жоғалған 14 қызметкердің өлі табылғанын жоққа шығарды

Сурет: Семей әкімдігі
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өрт кезінде жоғалып кеткен орманшылықтың барлық 14 қызметкері өлі табылды деген ақпарат тарала бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысының әкімідігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

ҚР ТЖМ растаған ресми деректерге сәйкес, орман шаруашылығында қаза тапқан үш қызметкер табылды.

Тағы 11-і әлі іздестіріліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегергенін хабарлаған едік.

Алапат өртке байланысты Президент ҚР ТЖМ басшысы Юрий Ильинге Абай облысына шұғыл жетуін, табиғи апатқа қарсы күрес бойынша жұмысты басшылыққа алуын тапсырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды