Қайғылы хабармен Qazaqstan ұлттық телеарнасы бөлісті.
Бердібек Сапарбаев - Қазақстанның бес өңірінің (Қызылорда, ОҚО, ШҚО, Ақтөбе және Жамбыл облыстары) бұрынғы әкімі, ҚР Премьер-министрінің бұрынғы орынбасары, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі.
Бердібек Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында туған.
1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын "Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау" мамандығы бойынша бітірді.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбек жолын Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысынан бастады (1969-1971 жылдары); әскери қызметін өткерді (1971-1973 жылдары).
Институтты бітірісімен Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары (гострудсберкассы) басқармасында экономист (1977); ҚазКСР Қаржы министрлігінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары (1977-1988 жылдары); жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Бас экономика басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары (1988-1993 жылдары); Президент Аппараты бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары (1993); Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Істер басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі (1994-1995 жылдары) болды.
Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Аппаратының басшысы (1995); Қызылорда облысының әкімі (1995-1999 жылдары); Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (1999-2002 жылдары) қызметтерін атқарды; Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі - Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002-2006); Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің Өкілі (2006-2007); Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі (2007 жылы ақпан - 27 тамыз).
2007 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2009-2014 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
2015-2019 жылдары – Ақтөбе облысының әкімі.
2019 жылдың ақпан-тамыз айларында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.
2019-2020 ж. ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
2020-2022 жылдары Жамбыл облысының әкімі болды.
"Құрмет" (1999), "Парасат" (2007) ордендерімен, "Астана" (1998), "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001), "Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл" (2005) медальдарымен марапатталған.