Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға сотталуы мүмкін

Сурет: Facebook/Мейржан Туребаев, Instagram/make_sakevich
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мемлекеттік айыптаушы "Астекс", "Мудараба капитал" қаржы пирамидаларын құрған танымал вайнерлерге осындай жаза кесуді сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокурор ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына кірді деп тағылған айыпты дәлелдің жоқтығына байланысты алып тастауды ұсыныпты. 200-ге жуық адамды сан соқтырып кеткен өзге тоғыз айыпталушы 8-15 жыл аралығында арқалуы мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Тергеу мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі – Алмас Құрманғалиев. Оның көмекшісі Дания Рахымованың банктегі шотынан 220 миллион теңге, "Астекс" компаниясының құрылтайшысы әрі директоры Ерлан Мансұровтан 800 миллион теңге табылған.

"Мудараба капиталдың" басшысы Руслан Бурканов ортада делдал болыпты. Оған клиенттермен келісімшарт құру, ақша алу сынды міндет жүктелген. Ал салымшылардан түскен қыруар қаражат мейрамхана, көлік, шұжық шығаратын цех сатып алуға және тағы басқа бизнеске жұмсалған.

Жалпы келтірілген шығын 5 миллиард теңгеден асады. Жарты жылға жалғасқан атышулы істің соңғы нүктесі алдағы күндері қойылуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды