Абай облысындағы орман өртін сөндіру қазір өте қызу жүріп жатыр. Әсіресе түнгі уақтта қиындықтар болды. Кеше кешке көтерілген қатты жел міне, әлі соғып тұр. Дегенмен кеше түнімен негізгі үш бағытта жүргізілген негізгі өрт сөндіру жұмыстары әлі де сол бағыттарда жүргізіліп жатыр.
Негізгісі Шүлбі станциясының маңайында. Негізгі күштердің басым бөлігі сол жерлерге жұмылдырылып, Төтенше жағдайлар қызметкерлері, әскерилер өрттің Шүлбіге дейін жетпеуі үшін жұмыс істеді. Және тоқтатып, бақылауға алдық деп отыр.
Одан бөлек Каштак және Жирновка ауылдарының жанындағы қатты жанып жатқан ошақтарға да негізгі күштердің басым бөлігі жұмылдырылған, деп жазады qazaqstan.tv.
Олардың барлығы қазір толық бақылауға алынды және әрі қарай тарауына жол бермеуге мүмкіндігіміз бар деп отыр Бас штаб.
"Ыстық нүктелер бар. Ыстық нүктелердің барлығын біз әскерилерді, Төтенше жағдайлар министрлігінің әскерилерін күрекпен, барлық немен жібердік. Техникаларды жібердік. Және сонымен қатар тракторлар жер жырту жұмыстарымен қазір жұмыс жасап жатыр. Қазір тағы аралап қайтадан барлық ыстық нүктелерді сөндіруге қызметкерлердің барлығын қойдық. Барлық солдаттарды қойдық. Енді осылай ауа райы, жел көтеріліп кетпесе 1-2 күнде бітіреміз деп жақсы сөз сөйлеп жатырмыз." Нұрболат Дербісов, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы
Дегенмен бұл өрт сөндіру жұмыстары 1-2 күнде толық аяқталады деген сөз емес. Себебі орманның ішінде топырақтың беткі қабатында шамамен 20 сантиметр тереңдікте сөнбеген шоқтар болуы мүмкін. Ол желдің үрлеуімен тағы да тұтанып, орман өрті қайта басталып кетпес үшін олар толық сөндірілгенше бұл жердегі жұмыстар тоқтамайтын көрінеді.