Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің авиациясы мемлекеттік авиацияның құрамына енді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Үкімет "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кейбір мәселелері туралы" қаулысын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің авиациясын Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясының құрамына қосу туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі" туралы заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған: онда "мемлекеттік авиация Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органының, ішкi iстер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметінiң шешiмi бойынша басқа да мемлекеттiк органдардың қарамағында болатын және қорғаныс, мемлекеттің қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында пайдаланылатын авиация" деп жазылған.

Қаулы 2023 жылғы 12 маусымда күшіне енді.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды