"Семей орманы" резерватындағы ағаштарды әкетіп жатқаны рас па

Сурет: Instagram/osa_news_vko
15 маусымда Қазнетте "Семей орманы" резерватындағы ағаштар белгісіз бағытта әкетіліп жатқаны жөнінде ақпарат тарады. Экология министрлігі әлеуметтік желілер арқылы тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп Zakon.kz.

Ведомство БАҚ-та тараған орман өрті шарпыған алқаптардан ағаш дайындау және оны әкету бойынша таратылған бейнежазба шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Өртті сөндіруден басқа ағашты кесу және шығару сияқты барлық жұмыстар тоқтатылды".ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметі

Абай облысы аумағындағы "Семей орманы" резерваты 2023 жылғы 8 маусымда өртене бастады. Соңғы мәліметтер бойынша, 60 мың гектар орман өртеніп кеткен.

14 маусымда Абай облысындағы өрт оқшауланғаны белгілі болды.

Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты