Ішкі істер министрлігі: 7 адамды кепілде ұстап отыр

Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі Kaspi bank бөлімшесіндегі жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіби мамандар Каspi bank келушілерін кепілге алған басқыншымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Болжам бойынша ол 7 адамды кепілде ұстап отыр.

Оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әскери қызметшілер арнайы операцияға тартылған жоқ.

"Азаматтарды ресми көздерден алынған ақпаратқа сүйенуге, БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз. Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтауды және құзыретті органдарға өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруді сұрайды".Ішкі істер министрлігі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді