Саясат Нұрбектің балалары Қазақстанда білім алады

Сурет: primeminister.kz
20 маусымда Ақордада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балаларының Қазақстанға келгенін және осында оқитынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясат Нұрбектің балалары Солтүстік Кипрдегі британдық мектепте білім алған. Министр енді олар Қазақстанда білім алатынын айтты.

"Олар қазір Қазақстанда. Олар келді. Осында қарапайым мектепте оқитын болады. Құжаттарды тапсырамыз, әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз". Саясат Нұрбек

2022 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалғаннан кейінгі үкіметтің бірінші отырысында Саясат Нұрбек балаларының Қазақстанға оралып, кәдімгі мектепте оқуын жалғастыратынын мәлімдеді. Ол толық фоторепортаж беруге уәде берді.

Бірақ кейінірек, 2022 жылдың қыркүйегінде Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы журналистердің балаларды Қазақстанға әкелді ме, қай мектепте оқиды деген сұрақтарына жауап бере алмады. Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл сұрақ оның жеке өміріне қатысты және, өкінішке орай, балаларын күйзелткен. Біраз уақыттан кейін министр балаларының оқуын Солтүстік Кипрде жалғастыруға шешім қабылдағанын хабарлады. Саясат Нұрбек бұдан кейін шетелдік мектепте білім алу Қазақстандағы жекеменшік мектептердегідей қымбат емес, жақсырақ екенін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Ақсу қаласында трансформатор өртенді

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды

Желідегі шудан соң Алматының орталығында ілінген, қазақшасы қате-қате баннер алынып тасталды

Елімізде көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам фактісі әшкереленді