26 маусымдағы түскі саудада доллар қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 2,84 теңгеге көтеріліп, 450,06 теңгені құрағанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 62,27 теңге болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 485,5 теңге, рубльді 5,32 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 448-451 теңге, еуро 489,5-493,5 теңге, ресей рублі 5,15-5,39 теңге аралығында сатылуда.

Ал, 26 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны барреліне 73,75 долларға дейін 0,35%-ға арзандады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 0,43%-ға төмендеп, барреліне 68,86 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі