Бұл туралы елорда әкімдігі Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасына сілтеме жасап жасап хабарлайды.
Биыл Құрбан айт мерекесі 28-30 маусым күндері аралығында өтеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес қала мешіттерінде 28 маусым күні сағат 6.00-де "Айт намазы" оқылады.
Астана қаласында бекітілген орындарда құрбандық шалу 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
- "Ұлжан" әмбебап базары, "Сарыарқа" ауданы, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы "Саянұр" базары);
- "Жайлау" базары, "Байқоңыр" ауданы, Алаш тас жолы, С-313 көшесі ("Шарын" базарының арты);
- "Шанхай" базары, "Байқоңыр" ауданы, Алаш тас жолы, 34/6 ("Көк базар" базардың арты);
- "Шопан ата" базары, "Байқоңыр" ауданы, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
- "Баракат" базары, "Байқоңыр" ауданы, А-369 көшесі, №10 ғимарат.
Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.
"Құрбан айт" мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы "109" Call-center жұмыс жасайды.
Айта кетсек, ҚМДБ бүкіл Қазақстан өңірі бойынша Құрбан айт намазы оқылатын уақытты белгілеп, кестесін жариялаған болатын.