Астана күні отшашу бола ма

Сурет: pixabay
2023 жылы Астана күні отшашу болмайды. Бұл туралы 29 маусымда Zakon.kz-ке Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дегенмен елорда әкімдігі қаланың 25 жылдығына дейін 100-ден астам шара өткізу жоспарланғанын айтты. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғыны мен қонағы үшін тегін.

Сонымен қатар мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандар да ашылады. Соның ішінде Оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар, қоғамдық орындар бар. Үлескерлерге пәтер кілттері табыс етіледі.

Қазақстанда Астана күні 6 шілдеде тойланады. Биыл Астанаға - 25 жыл.

Бастапқыда (1998 жылдан бастап) Астана күні 10 маусымда тойланып келген. 6 шілде 2006 жылы ғана енгізілді. Күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1994 жылдың дәл осы күні астананы көшіру туралы шешімді Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі бекітті.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды