Теміртау тұрғындарына шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті

Сурет: ҚР ІІМ
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты ескіқалалық полиция бөліміне 21 жастағы қаланың екі тұрғыны арызданды. Олар белгісіз азаматтардың өздеріне қатысты шабуыл жасағанын айтты.

Күдіктілер жәбірленушілерге күш қолдану арқылы оларда бар бағалы заттарды алып, оқиға орнынан іздерін жасырған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион 47 мың теңгені құраған. Олар күдіктілердің жастары 20-25 жас аралығында екенін айтты.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 19 бен 22 жас аралығындағы екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы