Алматыда Әл-Фараби және Абай даңғылдарында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 2-4 шілде аралығында әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати көшесіне дейінгі бөлігінде және 3 шілде күні Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, көлік қозғалысын уақытша шектеуге орташа жөндеу жұмыстарының аясында асфальтбетон жабынын төсеу жұмысы себеп болып отыр.

"2 шілде сағат 23:00-ден 4 шілде сағат 06:00 аралығында түнгі және күндізгі уақытта әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі", делінген хабарламада.

Қозғалыс Асқаров, Торайғыров, Мұстафин және қайталама Саин көшесімен жүргізіледі.

Ал 3 шілде күнгі сағат 23:00-ден 5 шілде сағат 06:00-ге дейін Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі.

Жол қозғалысы Есенжанов, Сәтбаев, Брусиловский, Тұрғыт Озал көшелерімен ұйымдастырылады.

Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында іске асырылып жатыр. 

Ведомство келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр