Балқаш қаласы әкімдігі "тас жолдағы жарылыстың" видеосына қатысты түсінік берді

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде тас жолда болған алапат жарылыстың видеосы тарады. Бұл жайт Балқашта болғаны да айтылады. Бұған қатысты аталған қала әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz Балқаш қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Темірлан Игембайдың бұл фактіні теріске шығарған сөзін келтірді.

"Балқашта да, оның маңында да жарылыс болған жоқ, қаламыз тыныш", – деді ол.

Видео авторы түсірген жарылыс жолды реконструкциялау аясында атқарылған жоспарлы жұмыстар болып шықты.

"Балқаш-Бурылбайтал" тас жолы, лот-3, 1955-2005 км бөлігі қайта жаңғырту учаскесіне жатады. Мұнда жобаға сәйкес бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді. Бұл учаскеде тасты жерді қопару жұмыстары  жүргізілуде", – деп түсіндірді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің баспасөз қызметі.
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін