Синоптиктер екі мегаполисте ауа жоғары деңгейде ластанатынын болжады

Сурет: pexels
Сейсенбі, 11 шілдеде синоптиктер Астана мен Алматыда ауада зиян заттардың мөлшері артады деп болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазгидромет мамандарының айтуынша, 11 шілдеде елорда мен Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Синоптиктер бұған дейін сейсенбіге арналған ауа райын жариялаған еді. Мамандардың айтуынша, 11 шілдеде еліміздің басым бөлігінде құрғақ ыстық сақталады. Батыс облыстарды қоспағанда басқа өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы