Ажар Ғиният қандай жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін айтты

Сурет: primeminister.kz
Жетісу облысының халқымен кездесу кезінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қандай жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр бірнеше медициналық нысандарды аралап, одан кейін өңір тұрғындарымен кездесті.

Облыс белсенділерінің бірі Ажар Ғинияттан: "Егер өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелер тиісті түрде шешілмесе, отставкаға кетуге дайынсыз ба" деп сұрады.

"Егер менің атқарған жұмысым жеткіліксіз болып жатса немесе Президент мені қабылдап, дұрыс жұмыс істемей жатқанымды айтып, отставкаға кетуімді сұраса, онда мен оған дайынмын", – деді Денсаулық сақтау министрі.

Денсаулық сақтау министрінің Жетісу облысындағы жұмыс сапары екі күнге созылды. Бүгін, 2023 жылдың 13 шілдесінде Ажар Ғиният Астанаға аттанады.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Дастан Сәтпаев "Челси" сапында 36-шы нөмірде өнер көрсетеді