Алматының Әл-Фараби даңғылы бойындағы бірнеше учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы жолды жөндеу кезең-кезеңімен жүріп жатыр. 12-13 шілде аралығында Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін ішінара жол жабылып, екі бағыттағы қозғалыс енгізілді. Бұл жөнінде Алматы қалалық мобильділік басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі таңда әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағындағы Торайғыров көшесінен Есентай өзеніндегі көпірге дейінгі жөндеу жұмыстары аяқталды, көлік қозғалысына рұқсат берілді.

Басқарма таратқан хабарламада келесі кезеңде Есентай өзеніндегі көпірден Батыс Желтоқсан көшесіне дейін 14-15 шілде аралығында әл-Фараби даңғылындағы учаскені жөндеу басталатыны жазылған.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орташа жөндеу жүргізу кезінде көлік қозғалысын арттыру үшін мынадай шаралар қабылданады:

Жабық учаскелерді Жароков көшесі арқылы солтүстік бағытта айналып өтуге болады. Сырғабеков көшесі, Үшкемпіров көшесі, Қаппаров көшесі бағытында және Esentai Mall СОО-да бұрылмалы туннель (батысқа қарай) бойынша көлік қозғалысы ашық болады.

Реверсті қозғалысты бастамас бұрын екі жағында да көлік ағындарын бөлетін металл турникеттер болады.

"Жөндеу жұмыстарын жүргізу учаскелері туралы өзекті ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларынан, сонымен қатар, 2ГИС қосымшасынан көруге болады". Алматы қалалық мобильділік басқармасы

Қала әкімі Ерболат Досаев 13 шілдеде Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде әл-Фараби мен Абай даңғылдарының неге бір уақытта жөнделіп жатқанын түсіндірді.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: