Украинада жұмыссыздық деңгейі 20% жетті

Сурет: Zakon.kz
Украинадағы жұмыссыздық деңгейі 20% құрады. Бұл туралы мемлекеттік жұмыспен қамту орталығы мәлімдеді. Елде әсіресе әлеуметтік қызметкерлер тапшы.

Салдарынан ел үкіметі медициналық және әлеуметтік саланың мамандарына мемлекеттік тапсырысты арттырмақ. Украинада еңбек нарығының жандана бастағанын елдегі ең ірі жұмыс беру және жұмысшы іздестіру сайтындағы қызу қарбаластан бағамдауға болады, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Бүгінде ворк.ua сайтында 94 мың бос жұмыс орны жарияланған. Ресми ақпарат бойынша, дәл қазір Киевте 3,6 млн адам тұрып жатыр. Ел үкіметі жұмыссыздық деңгейі 20% болғанымен, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 18%-ке түседі деп болжап отыр. Еңбек нарығында әлеуметтік саладағы маман тапшы.

Қазіргі таңда мемлекетімізге реабилитолог, психолог және әлеуметтік қызметкерлер аса қажет. Бұл 2023 жылы мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыста міндетті түрде ескеріледі. Денсаулық сақтау министрлігі үшін бюджеттік орындарды мыңнан асыру бекітілді. Сондай-ақ біз әлеуметтік қызметкерлерді қабылдау үшін бюджеттік орындарды көбейтеміз. Денис Шмыгаль, Украинаның үкімет басшысы.

Айту кету керек, 2022 жылы бұл елдегі жұмыссыздық деңгейі 40 % болған еді. Яғни, 1 бос орынға орта есеппен 100 адам таласқан, қазір жағдай аз да болса оңалды, - дейді сарапшылар.

Қазір еңбек нарығы 80%-тік деңгейде қайта жанданды деуге негіз бар. Жұмысқа бәсекелестік айтарлықтай төмендеді. Өткен жылдағы қарбалас қалыпқа келе бастады және бір бос жұмыс орнына 20 адамнан келеді. Дей тұрғанмен, жұмыс берушілер үшін білікті кадрлардың тапшылығы байқалады. Максим Пилипенко, жұмыспен қамту компаниясының PR директоры

Еңбек нарығы Киев қана емес, Украинаның батыс және солтүстік шығыс аймағындағы Харьков өңірінде жандана бастаған. Дегенмен медицина, әлеуметтік сала мамандарымен қатар құрылысшы тапшылығы байқалады. Жұмыспен қамту компаниясы өкілдерінің айтуынша, дәл қазір сатушы, сату жөніндегі менеджер, жүргізуші, аспаз және есепшіге сұраныс жоғары.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

"Мыжылып, адам қысылып қалды". Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі