Жануарлар аптап ыстыққа қалай шыдайды? Алматы зообағы қызық видеоны бөлісті

Сурет: видео скрині
Борсық, ақ аю, жолбарыстар бассейнде шомылады, пілдер үшін арнайы сенсорлы душ орнатылған. Ал шимпанзелер балмұздақ жейді. Алматы зообағы жануарлар аптап ыстықта қалай жанын бағатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Күн ыстық, қапырық...Көп адам зообақтағы жануарлар аптап ыстыққа қалай шыдайды деп сұрақ қояды. Біздегі жануарлардың барлығы қажетті сумен қамтамасыз етілген. Бірақ хауанаттар бағына келушілер жануарларға арналған су құятын ыдыстарды байқай бермейді. Мысалы, ягуар, леопард, пума, түлкі, қасқырларға берілетін сулар техникалық аймақта орналастырылған ыдыстарда болады. Ол жердегі суларды жиі ауыстырып тұруға қауіпсіз әрі ыңғайлы. Техникалық аймақтағы сулар таза әрі салқын болып тұрады. Сондықтан суларды біз негізінен үйшіктерге, көлеңкеге қоямыз. Су құйылған ыдыстар сырттағы қоршауда тұрса ысып, бұзылып кетеді. Борсық, ақ аю, жолбарыстар бассейінде шомылғанды жақсы көреді. Ал пілдер үшін арнайы сенсорлы душ орнатылған", -  делінген хабарламада.


Алматы хайуанаттар бағына таңертеңгі уақытта және кешкі мезгілде келуге қолайлы. Зообақ таңғы 09.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Кассалар бір сағат бұрын жабылады. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде