Астанада көлік салонынан ұрлық жасаған азамат қолға түсті

Сурет: ҚР ІІМ
Астанада бейнебақылау камерасының көмегімен көлік салонынан ұрлық жасаған азамат қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарыарқа ауданы полиция басқармасына қала тұрғынынан түнгі уақытта Жеңіс даңғылы бойындағы тұрғын үйдің тұрағынан ВАЗ-2109 автокөлігінен құны 120 мың теңге тұратын құрал-саймандар жинағы ұрланғаны туралы хабарлама түскен.

Тергеу барысында полицейлер бұл ұрлыққа осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын сотталған 34 жастағы Астана тұрғынының қатысы барын анықтады.

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы ұрының жолын қадағалап, оны тұрғылықты жерінде ұстады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

"Көбінесе көліктердің салонындағы ұрлықтар жүргізушілердің абайсыздығынан болады. Көлік құралын қалдырған кезде автокөліктің есіктері мен жүксалғышын жауып, салоннан барлық құнды заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Жүргізушілерге көлікті күзет сигнализациясымен жабдықтауды және қауіпсіз тұрақтарға қоюды ұсынамыз", – дейді полицейлер.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды