Алдағы үш күнде Астанада жаңбыр жауады, Алматы мен Шымкентте күн ашық болады

Синоптиктер 2023 жылғы 18-20 шілдедегі Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

18 шілде – көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +20+22°C, күндіз +34+36°C ыстық болады.

19 шілде – көшпелі бұлт шығады,әлсін-әлсін жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады, жел тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с Ауа температурасы түнде +18+20°C, күндіз +27+29°C.

20 шілде – көшпелі бұлт шығады, әлсін-әлсін жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады, жел тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +25+27°С.

Алматы

18 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз +36+38°С.

19 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз +40+42°С.

20 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +30+32°С.

Шымкент

18 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз +36+38°С.

19 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз +34+36°С.

20 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +36+38°С.

Астана Шымкент Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: