Алматы зообағы ауыл маңынан табылған қар барысын табиғатқа қайта жіберді

Сурет: видеодан скриншот
Биыл 20 сәуірде Алматы облысы, Сарбастау ауылының маңынан әлсіреген қар барысы табылған еді. Оны ветеринарлық көмек көрсету үшін Алматы хайуанаттар бағына жеткізген. Енді зообақ барыстың табиғатқа оралғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Барысты табиғатқа шығарар алдында ветеринарлар оны қайтадан тексеруден өткізіп, салмағы мен бойын өлшеді.

"Зообақта арнайы карантинде болып, мамандардың толық тексеруінен, емдеуден және оңалтудан өткеннен кейін қар барысы табиғатқа қайтарылды. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті облыстық аумақтық инспекциясының, ҚР Зоология институтының және Алматы хайуанаттар бағының мамандары жағдайы жақсарып, денсаулығы түзелген қар барысын 15 шілдеде Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына жіберді", - деп хабарлады Алматы хайуанаттар бағы.

Мамандардың айтуынша, барыс Алматы хайуанаттар бағында болған кезде оңалтудан өтіп, 8 келіден астам салмақ жинап, денсаулығы толық жақсарып, табиғатқа шығуға дайын болған. Жануар күйзеліске ұшырамауы үшін тексеру және тасымалдау шаралары оны уақытша ұйықтату (наркоз қолдану) арқылы жүзеге асқан. Зообақтан табиғатқа жіберілгенге дейін барыс ветеринарлардың бақылауында болған.

"Қар барысы сирек кездесетін түр болғандықтан ұлттық саябақтарда мекендейтін барыстар мен басқа да жануарларды зоологтар мұқият бақылайды. Осы мақсатта ғалымдар жануардың қозғалысын бақылап, оның тіршілігін қадағалап отыруы үшін қар барысының мойнына арнайы спутниктік таратқышы бар қарғыбау тағылды", - делінген хабарламада.
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды