Депутат: Саунадағы балалар лагеріне мемлекеттен 107,8 млн теңге бөлінген

Сурет: Zakon.kz
Парламент Мәжілісінің Respublica партиясынан сайланған депутаты Нұргүл Тау «Арман дала» балалар лагеріне бюджеттен 107,8 млн теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұргүл Тау 17 шілдеде сауна аумағында орналасқан лагерьде болды.

Оның айтуынша, балалар лагерінде балалардың демалуына жағдай жасалмаған, өрескел заң бұзушылықтарға жол берілген.


"Қызмет көрсетуші "БелРичи" ЖШС. Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес қызмет көрсету құны 107,8 миллион теңге. Жоспар бойынша 1150 бала жазғы демалыспен қамтылуы тиіс", - деп жазды Нұргүл Тау Instagram парақшасында.

Алматыдағы әлеуметтік осал отбасылардың балалары балалар лагеріне тегін жолдама алды. Алайда олардың демалысы қорқынышты түске айналды. Белгілі болғандай, мектеп оқушылары сауна ғимаратына орналастырылған. Енді білім басқармасы балалардың демалысын ұйымдастырғаны үшін жосықсыз қызмет көрсетушілерді сотқа бермек, Алматы прокуратурасы тексеру жұмыстарын бастады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

"Мыжылып, адам қысылып қалды". Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі