Қазақстанда 19 шілдеде теледидар мен радио өшіріледі

Сурет: pixabay
19 шілдеде Қазақстанда телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Zakon.kz.


"19 шілдеде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуын өшіру бойынша жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі", - делінген хабарламада.

"Қазтелерадио" АҚ атап өткендей, үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтерді тоқтата отырып, тоқсан сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Ақмола облысында газбен жабдықталған жүк көлігі отқа оранды

"Аптап ыстық, дауыл, найзағай": Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Дастан Сәтбаев "Челси" клубынан "Бернлиге" жалға берілуі мүмкін