Ақтөбеде зейнеткерлерді алдап, ірі көлемдегі ақшаларын иеленген күдіктілер қолға түсті

Сурет: ҚР ІІМ
13 шілдеде Ақтөбе қаласының 84 жастағы тұрғыны қалалық полиция бөліміне алданғаны туралы арызданды.

Зейнеткердің айтуынша, белгісіз тұлғалар оның қызының жол-көлік оқиғасына тап болғанын және оған ота жасау үшін ірі көлемде ақша қажет екенін айтқан.

Банк қызметкерлерінің қатысуымен жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ақша қаражатын аудару кезінде 3 алматылық күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсталғандардан 15 миллион теңге тәркіленді, олар банктердің терминалы арқылы ақшаны өздерінің сыбайластарының шоттарына жібермек болған.

Сонымен қатар қылмыстық істі тергеу барысында ұсталған күдіктілердің осындай тәсілмен Ақтөбе облысының аумағында қарт адамдарға қатысты ірі көлемде бірнеше алаяқтық жасағандары анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі