ҚР ИИДМ аяқ киімді таңбалау құнын белгіледі

Сурет: pixabay
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі бұйрығымен аяқ киім өнімдерін таңбалау кезінде қолданылатын сәйкестендіру құралы, бақылау (сәйкестендіру) таңбасының құнының шекті мәні белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Аяқ киім өнімдерін таңбалау кезінде қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) таңбасының, сәйкестендіру құралдарының құнының шекті құны қосылған құн салығынсыз бірлігіне 2,68 теңге мөлшерінде белгіленсін", - делінген құжатта.

Бұйрық 2023 жылғы 31 шілдеде күшіне енеді.

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау жүйесі жұмыс істей бастады. Оны іске қосу бір жыл бұрын жоспарланған болатын, бірақ кәсіпкерлер жаңа ережелерге бейімделу үшін көбірек уақыт сұрады. Қадағалайтын мемлекеттік органдар жеңілдік жасап, кәсіпкерлерге қосымша бір жыл берді.

Қазақстанда 2019 жылдың 30 маусымы мен 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығында аяқ киімді таңбалау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды. Жобаға аяқ киім айналымына 19 қатысушы – 5 өндіруші-дистрибьютор қатысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі