Түркістан облысында оншақты адам қырым қанды безгегін жұқтырған

Сурет: pixabay
Санэпидемиологтардың дерегінше, биыл Түркістан облысында кене шағу жағдайы көбейген. Жыл басынан бері 1 126 адам кене шағып, дәрігерлер көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соның ішінде 53 адам дәрігерлердің жіті бақылауына алынған, деп мәлімдеді Астана телеарнасы

Барлау кезінде мамандар 40 мыңнан астам кене жинап, соның ішінде 65 сынамадан вирус анықталған. Жуырда Сауран ауданының 15 жастағы тұрғыны кенеден келетін кеселден көз жұмды. Қырым қанды безгегін жұқтырғандар тиісті емін қабылдап жатыр.

"Екі-екі жағдайдан ол Сауран ауданы, Келес ауданы және Жетісай аудандарында тіркелді. Ал қалған бес аумақта бір-бір жағдайдан тіркеліп отыр", – дейді Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов.

Оның айтуынша, Түлкібас ауданында бір адам күдікті ретінде ем қабылдап жатыр екен.


Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды