Ажар Ғиният қазір қызылша ауруы көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да байқалатынын атап өтті.
"Биыл қызылшамен екі мыңға жуық бала ауырды, негізінен екпе алмаған балалар. Біріншіден, сырттан әкелінген жағдайлар болды: балалар көрші және басқа елдерге демалуға кетті, қызылша ауруын әкелді, ал қорғалмаған балалар ауырып қалды (Қазақстанның өзінде. – Ред.).Жыл басындағы алғашқы ауру (балалар оралғаннан кейін. – Ред.) Түркиядан, Ресейден тіркелді, содан кейін қызылша дертінің барлық жерде өсіп жатқанын көріп отырмыз. Қазақстанда дәл Астанада аурушаңдықтың артуы байқалды", - деді министрлік басшысы.
Аурудың алдын алу мақсатында Ажар Ғинияттың айтуынша, дәрігерлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар қызылшаға қарсы вакцинацияның маңыздылығын еске салады, ауру балаларды оқшаулайды, сонымен қатар байланыста болған адамдармен жұмыс жасайды.
"Бөлек, қосымша егу науқаны жоспарланбайды, өйткені вакцинациялау жұмыстарын барлық ұйымдарда медициналық қызметкерлер вакцинацияланбаған, қорғалмаған барлық балалармен жүйелі, мақсатты түрде жүргізеді", - деп сендірді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
24 шілдеде Астананың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордада қызылша ауруы көбейіп жатқанын хабарлады.