Ақтөбе облысында мас күйде көлік басқарған зейнеткер ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
24 шілдеде сағат 23.40 шамасында Ақтөбе – Астрахан тас жолының 45-шақырымында полиция қызметкерлері жол-қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 66 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруыдағы Renault Duster автокөлігін тоқтатты.

Жүргізуші бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші алкогольдік масан күйінде болған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік полиция бөлімінің аумағында тұраққа қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ер адамға бес мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе бес жылға бас бостандығынан айырылады және өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы