Түркістан облысында жол апаты кезінде жолаушыларды құтқарған екі азамат марапатталды

Сурет: polisia.kz
Түркістан облыстық полиция департаментінің басшылығы жол апаты кезінде жолаушыларды құтқарған екі тұрғынды марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 шілдеде Ұланбел – Созақ – Шолаққорған – Екпінді тас жолының Шыбыт – Шаян елді мекенінің аралығында 3 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Салдарынан 10 адам мезгілсіз қаза тауып, 12 адам жарақат алды.

Өзгелердің өмірін арашалап қалған екі адамның арқасында қаза болғандар саны азайды. Сол күні апатқа ұшыраған көліктерің ішінде болған Мұрат Есенқабылов пен Бақытжан Көксубай қасындағы жүргізушілер мен жолаушыларды құтқарып қалған.

Олардың адам өмірін арашалаудағы батылдығы бен жанқиярлығын қоғам жоғары бағалады.

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Бағланбек Айтпаев өз басын қатерге тігіп, өзгеге жәрдем берген екі тұрғынды арнайы қабылдап, марапаттады. Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.

Ірі жол апатын көзімен көріп, куәгер болғандар оқиғаның мән-жайына тоқталды. Сол сәтте тек зардап шеккен азаматтарға көмектесуді ойлағандарын айтты. Елімізде мұндай жол апаты болмауын тілеп, жүргізушілерден жол ережесін сақтауды өтінді.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді