Павлодар облысында ірі қараның неліктен қырылғаны анықталды

Сурет: pixabay
Павлодар облысы, Железинка ауданында 40-қа тарта ірі қараның неліктен қырылғаны анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 10 күн бұрын Башмачное ауылындағы шаруа қожалығына тиесілі сауын сиырлар бір мезгілде топалаң асқан болатын, деп жазады qazaqstan.tv.

Мәліметке қарағанда, жануарлар суаттан шығып бірінен соң бірі сұлап түскен. Ал сәл уақыт бұрын осы ауылдағы картоп егілген алқаптың маңайында жайылған екен.

Ветеринарлық дәрігерлер өлген малдан дереу сынама алып, сараптамаға жіберді. Топырақ пен судың да құрамы тексерілді.

Топырақ пен судан алынған сынамадан пестицидтардың қалдықтары анықталды. Ол - Дихлорфос", "Диметоат", "Паратионметил", "Хлорпирифос". Осы 4 препарад жоғары деңгейде анықталды. Өсімдіктерді әр түрлі жәндіктерден қорғау үшін қолданылады. Асылтас Абылайұлы, Ветеринариялық басқарма басшысының орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады